«Садаф» мейрамханасы

Жаңа «SADAF» мейрамханасы King Hotel Astana мейманхана кешенінің екінші қабатында орналасқан. Мейрамханада жайлы да, жағымды кеш өткізуге қажеттінің бəрі: классикалық дизайн, сырбаз атмосфера, қызметкерлердің жылы шырайлылығы, жақсы бағалар, жəне де мəзірдегі таңдаулы тағамдар мен сусындар керемет үйлескен.

Мейрамхана өзінің келушілеріне ұлттық жəне еуропалық ас үйдің бай таңдауын ұсынады. Осында сіз жұпар иісті кофе мен шайдан сергіліп қана қоймай, сонымен қатар түскі астың түрлілігі мен дəмін толығымен бағалай аласыз, ал кеш мезгілінде сіз достар арасында таңдаулы шараппен бірге керемет кеш өткізе аласыз.

Залдың сыйымдылығы 200 орын.

Тегін wi-fi Интернет желісі.

Жұмыс уақыты: 07.00 сағаттан 23.00 сағатқа дейін (күн сайын).